Елімізде қатерлі ісіктен өлім-жітім бойынша Павлодар 3-орында тұр

22.12.2024, 12:38
545
Елімізде қатерлі ісіктен өлім-жітім бойынша Павлодар 3-орында тұр iStock

Павлодарда биыл 2 мыңнан астам адам қатерлі ісік ауруы бойынша тіркеуге алынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Кереку өңірінде онкологиялық ауруларға 13 778 адам шалдыққан. Ал Қазақстан бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім рейтингінде өңір 3-орында тұр. Алдыңғы орындарда Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тұрған көрінеді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Павлодар облысында жыл басынан қатерлі ісіктің 2 мыңнан астам жағдайы тіркеліп отыр. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық рейтингінде облыс республикада 4-ші орынға шығып, жыл басынан 678 адам обырдан көз жұмған.

Облыста сүт безі обыры, колоректальды обыр, өкпенің қатерлі ісігі, асқазанның қатерлі ісігі және жатыр мойны обыры жиі тіркеледі. Былтыр аталған онкологиялық аурулардан аймақта 746 адам қайтыс болған. Облыс қатерлі ісікке шалдыққандардың саны бойынша республикада алдыңғы қатардан түспей тұр.

— Жылдың алғашқы 11 айында Павлодар облысында қатерлі ісіктердің 2200 жаңа жағдайы анықталды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әдеуір төмен. Дейтұрғанмен науқастардың жалпы саны азайған жоқ. 123 316 адам скринингтен өтіп, оның 137-сінде обыр анықталды. Сүт безі обырына — 98, жатыр мойны қатерлі ісігіне жаңадан 18 әйелдің шалдыққаны белгілі болды. Ал колоректальді қатерлі ісік скринингі бойынша 53 332 скринингтік зерттеулер жүргізіліп, 21 қатерлі ісік анықталды.

Былтыр қатерлі ісіктен 746 адам, ал биыл 678 адам қайтыс болды. Өкінішке қарай, өлім-жітім рейтингінде 3-ші орында тұрмыз, — дейді облыстық онкологиялық диспансер директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әсел Асқарова.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады