Төрт адам қаза болды: Түркияда ауруханаға тікұшақ кеп соғылды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.12.2024, 13:13
1286
Төрт адам қаза болды: Түркияда ауруханаға тікұшақ кеп соғылды (ВИДЕО) trthaber.com

Апат салдарынан екі ұшқыш, бір дәрігер және жедел жәрдем қызметкері қаза тапты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мугла қаласы Ментеше ауданында орналасқан Мугла оқу-зерттеу ауруханасынан ұшып шыққан тікұшақ Антальяға қарай бағыт алған. Алайда ұшу барысында аурухананың төртінші қабатына соқтығысып, жерге құлаған. Бұл туралы Kazinform жазды.

TRT Haber дерегінше, апат туралы хабарлама тарағаннан кейін оқиға орнына көптеген өрт сөндіруші, медицина қызметкері, полиция және құтқарушылар барған. Ал Мугла губернаторы Идрис Акбийик бірден қайғылы оқиға болған жерге барып, журналистерге түсініктеме берген. Оның сөзінше, апат салдарынан тікұшақта болған екі ұшқыш, бір дәрігер және жедел жәрдем қызметкері қаза тапқан.

Акбийик атап өткендей, ауданды бүгін қалың тұман басқан. Қазір апат себептері анықталып жатыр. Ол аурухана қирамағанын айтты.

Осы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ал елдің денсаулық сақтау министрі әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

— Біздің министрліктің қарамағындағы жедел жәрдем тікұшағы Мугла оқу-зерттеу ауруханасына соқтығысып, жерге құлады. Апат салдарынан біздің төрт әріптесіміз, оның ішінде екі ұшқыш, бір дәрігер және медицина қызметкері қаза тапты. Біз олардың отбасына көңіл айтамыз. Оқиғаны тергеу жалғасуда, тиісті ақпарат жария етіледі, — деді ол.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген