Қазақстанда кеме құрастырыла ма?

23.12.2024, 10:58
708
Қазақстанда кеме құрастырыла ма? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Парламент Мәжілісінде көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев бірқатар ақпарат берді.

- Көлік дәліздердің дамуына Ақтау және Құрық теңіз порттарының инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады. Бұл ретте, басымдылық контейнерлік тасымалдауға беріліп отыр. Алдағы 3 жылдың ішінде Ақтау портының контейнер өңдеу қабілетін 140 мыңнан 550 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған. Ол үшін қытайлық «Ляньюньган порт» компаниясымен бірге контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Оған қоса, германиялық «Ренус», америкалық Wandernet және франциялық CMA CGM сияқты компаниялармен қосымша 300 мың контейнерлік терминал ұйымдастыру пысықталып жатыр, - деді М. Қарабаев.

Министр Құрық портында көпфункционалды «Саржа» терминалының құрылысы жүріп жатқанын еске салды.

- Оның ішінде ерекше тоқталатын мәселе, Маңғыстау облысында өндірілу жоспарланған «жасыл сутегіні» тасымалдауға арналған тиісті терминалдың жобаланып жатқанын атап өткен жөн, - деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, келесі негізгі мәселелердің бірі – отандық флоттың жетіспеушілігі. Бүгінде «Құрық – Алят» қарым-қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істеп тұр. Сондықтан қазірдің өзінде елімізге ең кемінде 7 кеме қажет. Оның өндірісін қалыптастыру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отыр.

- Қазақстандық дәліздерге жүк ағындарын тарту үшін ішкі терминалдармен қатар, шет елдердің жүк жинақталатын аумақтарында сыртқы терминалдар да қалыптастырылып жатыр. Қазір Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалдары бар, сондай-ақ Грузияның Поти портында қазақстандық кәсіпкердің терминалы жұмыс істеп тұр. Өңдеу қабілеті жылына 500 мың контейнер. Қосымша Алят портында, Мәскеу маңындағы Селятино қалашығында, Беларуссиядағы Свислочь станциясында және Ташкенттегі терминалдардың құрылысы пысықталып жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жалпы қуаттылығы жылына 1 млн 200 мың контейнерді құрайды. Одан бөлек алдағы уақытта Румынияның Констанца, Мажарстанның Будапешт және Қытайдың Үрімші қалаларында бірлескен терминалдарды ұйымдастыру қарастырылып отыр. Нәтижесінде, сыртқы терминалдардың қуаттылығы 5 есеге өседі. Бұл басты жүк қалыптастырушы елдерден жүктерді қазақстандық дәліздерге тартуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Марат Қарабаев. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды