Елімізде қандай жолдар салынады?

23.12.2024, 11:58
542
Елімізде қандай жолдар салынады? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Парламент Мәжілісінде көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі жол құрылысына тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл 12 мың шақырым жол құрылыс жұмыстарымен қамтылғанын айтты. Оның 7 мың шақырымында құрылыс және жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» сияқты басты транзиттік дәліздерде жаңа асфальт төсемімен көлік қозғалысы ашылды.

- Қолданыстағы жолдарды дамыту үшін 2030 жылға дейін «Қызылорда – Ақтөбе» жолын 4 жолақтыға ауыстыру, сондай-ақ Сарыағаш қаласының бірінші санаттағы айналма жолын салу жоспарланған. Мұнымен қоса, «Қалбатау – Майқапшағай» автожолын реконструкциялау жұмыстары, Қарағандыдан Боғаз ауылына дейінгі жол учаскелерінің орташа жөндеуі жүргізіліп жатыр.

Келер жылдан бастап «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау жұмыстары басталады. Бұл шараларды аяқтау нәтижесінде, қазіргі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізіне баламалы жаңа маршрут қалыптасады. Келесі үлкен мәселе - Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салу. Осыған байланысты 2027 жылдан бастап 736 шақырымдық автожол құрылысы басталады. Бұл Ақтау мен Құрық порттарына және Түрікменстанға баратын жолдарды 900 шақырымға қысқартуға және оңтүстік пен батыс өңірлерінің байланысын арттыруға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды