Шырша безендіремін деп мұғалім мертілген соң білім бөлімінің басшысы креслосын босатты

23.12.2024, 12:20
1210
Шырша безендіремін деп мұғалім мертілген соң білім бөлімінің басшысы креслосын босатты SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауына алынды. Ал Асхат Аймағамбетов бұл істегі кінәлілерді қатаң айыптады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлаған болатын. Оның қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқаны, жағдайы тұрақты екені белгілі болды. Ол ауруханаға 21 желтоқсан сағат 10:30 шамасында жеткізілген, ал ертең оны жалпы бейінді бөлімшеге ауыстыруы мүмкін. 

Аталған жағдайдан соң қаланың білім бөлімінің басшысы Нұржан Ахметқалиев жұмыстан босатылған.

«Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында», - деп атап өтті Ахметқалиев.

Іске қатысты мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, ол ұстаздардың өз міндетіне кірмейтін істерге тартылуын заңмен қадағалау керектігін айтты. Бұл туралы ол өзінің Телеграм-арнасында жазған.

«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана «жаңсақтық» деп қарастыруға болмайды. «Педагог мәртебесі туралы» заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады. Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі «дәстүрлерден» біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу», - деді Аймағамбетов.

Депутат оқиға бойынша нақты шаралар қажет деп мыналарды атап көрсетті:

1.Облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы тиіс.

2.Мұғалімдерге тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейтуі қажет.

3.Білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс.

Депутат мұғалімдердің «Ұстаз мәртебесін» еске салып, олардың хақыларын қорғау туралы мәселені заң аясында шешуге шақырды.

«Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету», - деді экс-министр.

Аймағамбетов министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны үміт беретінін айтып, жарақат алған әріптесіне тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды