Air Astana біздің аспанымыздың «құдайы» болып алған - депутат

23.12.2024, 14:20
794
Air Astana біздің аспанымыздың «құдайы» болып алған - депутат SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуе компаниясының қызметін сынға алды.

- Шынында да Air Astana біздің аспанымыздың құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындағанда көтеріледі. Ол арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме. Билет жақындағанда қалай көтеріледі? Жақындаған кезде көтерілмеуі керек, бағасы түсуі тиіс. Өйткені билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Air Astana, лоукостер мәселесін майшаммен қарау керек. Фостер мырза (Air Astana компаниясының басшысы), сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз қажет. Мұсабаев екеуіміз (Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев) 1 сағат кешіккенге 3 пайызайыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, 2 тамызда Air Astana 12 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрмін. Неге? Олар қитұрқы сызбаәзірлеп қойған. Сайтқа кіріп өтінім беріп, ақшаны алу қиын. Мен әлі жүрмін. Оны аламында. Ал енді алатын болсаңыз, «жазбаларыңызды, ақшаңызды ешкімге жарияламау керек» деп шарт қояды, - деді депутат.

Осы ретте, ол Көлік министрі Марат Қарабаевқа өтемақыларды алуды жеңілдету қажеттігін айтты. Депутаттың атап өтуінше, әуе компания сайтынан өтемақыға өтінім беру өте қиын.

- Air Astana-ның мультимедиасының көбі басқа тілде. Мемлекеттік тілдегі контент өте аз. Оны орнына келтіру қажет. Ол да үлкен мәселе. Кеңістігімізде ұшып жүр, өзіміздің компания санаймыз. Ендеше неге мемлекеттік тілге басымдық бермейді?! Фостер мырза, сіз Парламентке бірінші рет келіп отырсыз. Сізге бір рет қана сұрақ қойылды. Бірақ, сізҚазақстан аумағына келгеннен кейін бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауыңыз, заңын сыйлауыңыз, жағдай жасауыңыз қажет. Ақшаны бәріміз де жақсы көретін шығармыз. Бірақ, ақшаны жақсы көремін деп билетті көтере бермеңіз. Күнде жалақы көтеріліп, күнде отын бағасы қымбаттап жатқан жоқ. Территориямыздың арақашықтығы күнде резеңке ұқсап созылып жатқан жоқ. Ал сіздер бағаны көтересіздер. Билет бағасы 60 мыңнан 120 мыңға дейін кетіп қалады, - деді Еділ Жаңбыршин.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды