622

Сирияда болғандар сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды.

Сирияда болғандар сотталды
бейнежазбадан алынған кадр

Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.

Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелдетабылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.

«Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындайқылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы)», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

 

Материал авторы