Дональд Трамп АҚШ-та балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салатын заң шығармақ

Аиса Махамбет Редактор
23.12.2024, 19:35
652
Дональд Трамп АҚШ-та балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салатын заң шығармақ Reuters / Amanda Voisard

Трамп транстармен күресті күшейтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамп елде балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салмақ.

TurningPoint’s AmericaFest 2024 шарасында АҚШ президенті қызметіне ресми кіріскен күннен бастап трансендерлермен күрестің нақты қадамдарын жасайтынын айтты. 

"Трамп басшылық еткен кезде АҚШ үкіметінде тек екі гендер ғана болады. Бұл қиын емес қой... Біз трансгендерлік лунатизмді тоқтатамыз. Мен балалардың жынысы ауыстыруына тыйым салу туралы жарлыққа қол қоямын. Әскерден, бастауыш мектептен, орта және жоғары оқу орындарынан трансгендерлерді қуып шығамын", – деді Дональд Трамп. 

Оның айтуынша, трансгендерлер спортта да болмайды.

"Бізде әйелдер спортында ер адамдар болмайды және бұл жарлықты алғашқы күні-ақ қабылдаймын. Оны екінші не үшінші күнге қалдырудың не керегі бар", – деді Дональд Трамп.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ