709

Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты

Түркияның «Адана Демирспор» клубының футболшысы, отандасымыз көпті өзіне қаратып жатыр.

Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты
instagram.com/adskulubu

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Адана Демирспор» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Абат Айымбетов Түркия біріншілігінде шеберлігін көрсетуді жалғастыруда.

Айымбетов Суперлиганың 17-турының аясында «Хатайспор» қақпасына 75-минутта гол соқты. Ұлттық құрама шабуылшысы оң жақ қапталдан келген допты қақпаға дәл бағыттап, есепті өз клубының пайдасына 3:1-ге жеткізді.

Айта кетейік, Айымбетов Суперлигада осымен үшінші матч қатарынан мергендік танытып отыр. Бұған дейін жерлесіміз «Бешикташ» (2:1) пен «Гёзтепе» (1:3) клубтарының қақпаларынан саңылау тапты. Осылайша, Абат 11 ойында үш голмен ерекшеленді.

Материал авторы