«100% дауыс берген»: Қорғаныс министрі Жақсылықов самбо федерациясының президенті болып сайланды

24.12.2024, 12:53
763
«100% дауыс берген»: Қорғаныс министрі Жақсылықов самбо федерациясының президенті болып сайланды Тогжан Гани

«Өкпелесең көшіп кет» деген мәтелмен жұрттың ашуына тиген Руслан Жақсылықов енді самбо федерациясының президенті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды. Бұған дейін аталған қызметті Айдос Ақжанов атқарып келген болатын.

Федерацияның кезектен тыс отырысы Астанада 24 желтоқсанда өтіп, онда ұйымға жаңа президент сайлау мәселесі көтерілген. Федерацияның барлық мүшесі бірауыздан өз дауысын Жақсылықовқа беріпті.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

«Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесінде сәтті қолданылады. Біз спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт ретінде кең көлемде дамытуға үлкен күш саламыз», – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Федерацияның жаңа президенті алдағы жоспарын жариялады.

«2025 жылы самбо ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Достық армияларының әскери-спорттық ойындарының бағдарламасына және Қазақстан Қарулы күштерінің спартакиадасына енгізіледі. Сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында кешенді спорттық іс-шаралар, оның ішінде ҚР Қорғаныс министрінің кубогына самбодан ашық республикалық турнир өткізу жоспарланған. Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы әскери-спорт колледжінде самбо бөлімшесін ашу жоспарда бар. Онда көп балалы отбасылар, әскерилер мен ауыл жастарының балаларына артықшылық беріледі. Спорттың бұл түрін жаппай дамыту мақсатында Қарулы күштер қатарына жауынгерлік самбодан маман-нұсқаушыларды шақырамыз», – деді федерацияның жаңа президенті.

Еске салайық, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов осыдан бірер жыл бұрын өзін сынаған халыққа «өкпелесең көшіп кет» деген мақал арнаған болатын. Мұнан кейін әлеуметтік желіде министрді сынаушылардың саны күрт артты.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды