Соғым соймағалы қай заман: Тұрғындардың көбі рожки қуырып жеп жүр

24.12.2024, 16:20
1660
Соғым соймағалы қай заман: Тұрғындардың көбі рожки қуырып жеп жүр SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Соғымның «майлы» әңгімесі басталғалы біраз болды. Жағдайы барлар «келісіп қойдым, бұрын алып жүрген жер ғой» деп соғымның мәселесін әлдеқашан шешіп қойған. Кейбіреулер соғымды екі отбасыға бөліп амалын қарастырып жүр. Ал, соғым алу былай тұрсын күнделікті кешкі асын етсіз жеп жүргендер қаншама?

Олар жас отбасылар деп бөлектеуге болмас. Қырыққа келсе де күйбең тіршілікпен басы қатып жүргендер аз емес. Сондықтан да соғымның әңгімесі біреуге тәуір, біреуге ауыр тиетіні рас.

Базардағы сатушылар да сұраныстың азайғанын жасырмайды. Көбі тапсырыспен алдырады дегеннің өзінде халықтың қалтасы жұқа екенін жасырмайды.

«Бір отбасыға 1,5 жасар тай алуға болады. 170-180 кг дейін береді. Үлкендері 230-250 кг дейін тартады. Бағалары шамамен 380-400 мың теңге аралағында. Үлкендері 600-650 мыңға дейін барады. Өзгеріс жоқ. Былтырғымен бірдей. Былтыр да 2600 теңге болған. Бізге еттің бірден өтіп кеткені жақсы ғой. Алайда халықтың қалтасы жұқа екені байқалады. Молынан алғысы келсе де, аздап-аздап сатып алуға мәжбүр», - дейді Елубай есімді сатушы.

Нұрболат Әбдіразақов есімді желі қолданушысы халықтың жартысының соғым алуға жағдайы жоқ екенін айтады.

«Халықтың 49 пайызының соғым алуға шамасы жоқ. Бір кг жылқы еті 2200-2500 теңге. Бір жілік 25-30 мың теңге», - дейді ол.

Астана тұрғындарын көшеде тоқтатып, әңгімеге тартқанымызда көбінің соғым алуға шамасы жоқ екенін жасырмады. Күнделікті тамаққа тауық етін пайдаланатындарын айтып қалды. «Азық-түлік бағасы аспандап барады, соғымсыз-ақ қыстан аман шығармыз, ипотека, несие төлеу керек, мойнымызда», - деп жатты жұмыстарына асыққан жұртшылық...

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды