891

90-жылдар қайта оралып жатыр ма: Алматыда спортшының мәйіті табылды

Өткен ғасырдың 80-90 жылдарындағы рэкеттердің әрекеті жайлы түсірілген фильмдер аз емес. Әдетте криминалдық топқа спортшылар тартылып, түбі қайғылы оқиғамен аяқталып жататын.

90-жылдар қайта оралып жатыр ма: Алматыда спортшының мәйіті табылды
жеке мұрағатынан

Соңғы кезде елімізде де спортшылардың өлімі жиі тіркелуде. Мәселен, Алматыда 20 жастағы спортшы өлі табылды.

Қаза тапқан жігіт - кикбоксер Әли Серік болуы мүмкін. Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр. 

Наурызбай аудандық Полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойыншақылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Материал авторы