1525

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ильхам Әлиев Ресейдегі саммитке қатыспайтын болды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейдегі ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатыспай, Бакуге оралмақ.

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ильхам Әлиев Ресейдегі саммитке қатыспайтын болды
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

«Қайғылы оқиғаға байланысты Әзірбайжан президенті Бакуге оралады», - делінген РИА Новости таратқан мәліметте.

Айта кетейікБакуден Ресейдің Грозный қаласына қарай ұшып бара жатқан ұшақ Ақтау қаласына жақын маңда құлады.

Көлік министрлігі әуе кемесі Әзірбайжанның Az Airlines компаниясына тиесілі екенінайтты. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. ТЖМ мәліметінше, алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Материал авторы