1045

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған 4 адамның мәйіті тіркелді

Тірі қалғандардың екеуі - бала.

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған 4 адамның мәйіті тіркелді
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы ұшақ апатынан қаза тапқан 4 адам туралы мәлім етті.

Сонымен қатар жеті адамның ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды. Соңғы ақпарат бойынша тірі қалғандар саны 28-ге жетті, оның екеуі - бала. 

Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Дереккөз мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары болған. Жолаушылардың басым бөлігі Әзербайжан азаматтары екені айтылған.

Материал авторы