«Енем бетіме түкіріп, күйеуім жынды деген құжат әпермек болды»: Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі одан қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
25.12.2024, 14:33
3401
«Енем бетіме түкіріп, күйеуім жынды деген құжат әпермек болды»: Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі одан қорлық көргенін айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

«Журналист күйеуім баланы тартып алу үшін қазірге дейін маған тыныштық бермейді» дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Журналист әрі тележүргізуші Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі, қазір ұлын өсіріп отырған Айғаным Болатқызы KYN.KZ журналисіне ел алдында жүрген азаматтан қорлық көргені жайлы айтып берген.

Айғаным Болатқызының сөзінше, ұлдары дүниеге келгеннен бастап қарым-қатынастары нашарлап, ұрыс-керіс басталған. Бала үш жасқа толғанша бірнеше рет ажырасып, қайта қосылып, екі адамның мәселесі екі әулеттің тынышын құртқан.  

Айғаным Болатқызының сөзінше күйеуі оны ұрып-соғып, үйден қуып, ақшасыз далада қалдырған күндері болған. Тіпті бір жастан асқан ұлын анасына көрсетпей алып қашып жүрген көрінеді.

Айғаным Болатқызы ұлы 8 жасқа толса да оның әкесі өзін сотқа сүйреп, мазасын қашыратынын айтады.

"Мен ел алдына шығып сондай журналист қызметін атқарып жүрген азаматтың абыройына тимес едім. Осынша уақыт жаным қиналып жатса да шыдадым. Бірақ, не үшін мен оның айыбын жасыруым керек деген ойға тоқтадым. Ол ұлын алып алмақ болып, оның анасына зәбір көрсетті, әлі де тыныштық бермейді. Қит етсе мені сотқа шақырып тұрады. Ұлымен көріссін, аралассын, бірақ меннен тартып алуына жол бермеймін.

Ол мені қарапайым отбасының кішкентай, ештеңе көрмеген, шағын ауданнан шыққан қарапайым қыз деп басынды. Ұрды, соқты.  Барлығы сондай бір түсініспеушілікпен болған шығар сол кезде деп қоюыма, тыныш кетуіме болатын еді. Бірақ қазіргі күні де соттасып жүрмін. Бар ойы баланы алып алу. 8 жастағы оқушы баланың миын улау ма деп қаламын. Ол бала ғой. Мен сияқты қысымда, түсініспеушілікте жаны ауырғанын қаламаймын. Сол себепті бар жағдайды айтайын деп бел будым", – деді Айғаным Болатқызы.

Күйеуімнен қорлық көрдім деген келіншек өзге қыздардың осындай қателіктерді жібермегенін қалайды. Сол себепті көлемді видео сұхбатта барлығын басынан баяндап, түсіндірген еді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды