1121

Ақтаудағы шырша жағу рәсімі шегерілді

Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты бүгін жоспарланған облыс орталығындағы жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтаудағы шырша жағу рәсімі шегерілді
Getty Images / Nurlan Tastanbekov

Дәл қазір маңғыстаулықтар жаппай қан тапсырып жатыр.

- Өңіріміздің барлық жанашыр тұрғындарын қазір қан орталығына келіп, қан тапсыруларын сұраймыз! Деніңіз сау болса, бүгін майлы тамақ жемеген болсаңыз және ең бастысы мұқтаж жандарға көмектескіңіз келсе, біз сізді бүгін 25 желтоқсан сағат 16:00-ге дейін күтеміз! – деді Маңғыстау облыстық қан орталығынан.

 

Материал авторы