1252

«Өзін ойламаса да, әкесін ойласын»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге тиісті (ВИДЕО)

Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлиге қатысты спортшының әйелі пікір білдірді.

«Өзін ойламаса да, әкесін ойласын»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге тиісті (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Клара Иса оқырмандарына өтініш айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

“Сол қызға қатысты тағы бір видеолар шығыпты. Өкінішті, әрине. Оларды көріп жатырмыз. Тағы да қайталап жібере бермеңіздер. Алла сана берсін. Адам ретінде шынымен жаным ашиды. Қаншама дүниелерден кейін де әлі де есін жимаған. Әлі де сабақ алмаған. Жасы болса 30-ға келді. Әкесіне обал. Бауыры да бар екен. Өзін ойламаса да осы кісілерді ойлау керек еді. Қайта-қайта кеудесін соғып отыр. “Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа” дейді. Бірақ камераға түсіп қалған видеоларын көріп отырмыз. Бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз. Шын жүрекпен жаным ашиды. Осындай сөздерге айтпай-ақ қояйын дегенбіз, бірақ өздері соған жеткізді”, – деді блогер келіншек. 

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы айтылған еді. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ оның адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растаған.
Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор