Вайнердің өтінішін сот қанағаттандырмады

25.12.2024, 17:55
537
Вайнердің өтінішін сот қанағаттандырмады жеке мұрағатынан

Түрксіб аудандық соты Алматыда вайнер Мейржан Төребаевқа тағайындалған жазаны жеңілдету туралы өтініш бойынша шешім шығарды.

Алматыда вайнер Мейржан Төребаевқа тағайындалған жазаны жеңілдету туралы өтініш қаралды. Сот отырысында Алматыдағы колония өкілі Төребаевтың колонияда бірінші теріс дәрежедегі мінездеме алғанын мәлімдеді.

Сот нәтижесінде Төребаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

«Аталған жағдай негізінде тәрбиешілер кеңесі сотталушының өтінішін қолдаудың орындылығы туралы шешім қабылдаған жоқ. Қазіргі уақытта сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды қажет деп санайды. Тиісінше, сотталған адам түзеу мекемесі жағдайында жазасын одан әрі түзетуді қажет етеді. Осыған байланыстысотталған адамның өтініші қанағаттандырылмады», - деді судья А. Қарашева.

Сот шешімі бойынша, Төребаев 2023 жылғы 23 маусымда Алматы Алмалы аудандық сотының үкімімен 217-баптың 3-бөлімі 2-тармағы бойынша ("Қаржылық пирамида құру және басқару") 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. Азаматтық талаптың жалпы сомасы - 814 120 806 теңге, сот шығындары - 8 060 602 теңге.

Сот отырысында сондай-ақ, сотталушының залалын өтемегені анықталды, бұл жазаны жеңілдету үшін өтінішті қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Қылмыстардың аз ауырлығы, орташа ауырлығы немесе ауырлығы бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамға, егер ол қылмыспен келтірілген зиянды толық өтесе немесе жазасын өтеу тәртібін ауыр түрде бұзбаса, қалған жазасын жеңілдету мүмкіндігі қарастырылады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады