Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған ресейліктер үйлеріне қайтты
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Ресейден медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасын алып қайтты.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінінің мәліметінше, Қазақстанда ұшақ апатынан зардап шеккен ресейліктер бар арнайы рейс Ақтаудан Мәскеуге ұшты. Эвакуацияланған 9 зардап шеккендердің арасында бір бала бар.
«Қазақстаннан Мәскеуге эвакуацияланып жатқан апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының жағдайы ауыр, бірақ тасымалдауға жарамды, оларға ұшақ бортында барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Ресей ТЖМ "Центроспас" жасағының анестезиолог-реаниматологы Виктор Белинский.
Материал авторы