Бектенов әуе кемелерінің техникалық ахуалын қадағалауды тапсырды

26.12.2024, 12:15
893
Бектенов әуе кемелерінің техникалық ахуалын қадағалауды тапсырды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Олжас Бектенов Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апаты орнындағы жұмысы туралы ақпаратты тыңдап, бірқатар тапсырма берді.

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы шеңберінде күн тәртібінен тыс премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды. 

«Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жарақаттармен, негізінен көптеген жарақатпен түскен. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар профильдер бойынша ауруханаға жатқызылды, толық көлемде ем алуда. Сондай-ақ санитарлық авиация желісі арқылы Астанадан Ұлттық шұғыл медицина орталығы мен жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. Қазақстандық мамандардан бөлек РФ ТЖМ арнайы кеңесі мен Әзербайжан Республикасының санитарлық авиация бригадасы да келді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары келеді, оларға облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақтану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Психологтартобы жұмыс істеп жатыр», - делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Өз кезегінде Көлік министрлігі Әзірбайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді. Ертең Бразилияның авиациялық билігі мен Embraer компаниясы келеді деп күтілуде. Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралардың шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жеделден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттікоргандардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет», — деп атап өтті премьер-министр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді