2733

«Гауһардың анасы қайғылы хабарды әлі білмейді»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденоваға туралы (ВИДЕО)

Қаза болғандардың бірі анасы мен оның кішкентай ұлы боп шықты.

«Гауһардың анасы қайғылы хабарды әлі білмейді»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан Гаухар Шаймерденоваға туралы (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан астаналық нотариус Гаухар Шаймерденова мен оның ұлы Эльдар Жұмағаттың Грозныйға жаңа жылды қарсы алуға аттанғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында түсіндіріп жазды. 

“Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Оның айтуынша, өткен жексенбіде олар нотариустар корпоративінде бірге болған. Гауһар әріптестеріне кіші ұлымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйдағы отбасылық достарына ұшып бара жатқанын айтқан.

Астанадан Грозныйға тікелей әуе рейсі болмағандықтан, олар Баку арқылы ұшқан. Гауһардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар еді. Ол енді ғана елге ұшып келгендіктен, Астанада қалған. Ал Гауһардың анасы қайғылы оқиға жайлы әлі білмейді. Гауһардың бұрынғы жұбайы мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен", – деп жазды журналист.

Материал авторы