Атыраудың бұрынғы әкіміне үкім шықты

26.12.2024, 16:53
598
Атыраудың бұрынғы әкіміне үкім шықты бейнежазбадан алынған кадр

Мұнайлы шаһардың вице-әкімі Қайрат Оразбаевқа лауазымдық өкілетін асыра пайдалану бойынша үкім шықты.

Атыраудың бұрынғы әкімімен бірге сотта қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы, әкім аппаратының басшысы және қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы да лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қызметтік жалғандық жасады деген айып бойынша айыпталушылар қатарында болды.

Сот процесінде Оразбаев, қала әкімі болған кезінде, жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Н. мен қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы К.Е.-ге рекреациялық аймақта орналасқан 8 жер учаскесін беру туралы тапсырма берген. Айыпталушылар К.Н. мен К.Е. өзара келісіп, рекреациялық және санитарлық аймақтарда орналасқан 18 жер учаскесін берген. Осы мақсатта К.Н. жер комиссиясының хаттамасына 18 өтініш қаралғаны туралы жалған мәліметтер енгізген.

Нәтижесінде сот барлық айып бойынша жеткілікті дәлелдер таппай, айыпталушыларға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды.

«Оразбаевқа, сондай-ақ әкім аппаратының басшысына және қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысына қызметтік жалғандық жасады деген айып бойынша айыптау нақты көрсетілмеген, яғни қандай құжаттарға (жер учаскесін таңдау актілері, жер комиссиясының хаттамалары және т.б.) жалған мәліметтер немесе түзетулер енгізілгені анықталмаған. Айыпталушылардың құжаттарға жалған мәлімет енгізгені дәлелденбеген. Әкім аппаратының басшысына қатысты лауазымдық өкілетін асыра пайдалану бойынша айыптауға қажетті дәлелдер ұсынылмаған. Оның өкілетіне рекреациялық және санитарлық аймақтарда орналасқан жер учаскелерін беру мәселесі кірмеген. Қылмыстық қудалау органы мүлікті жымқыру бойынша дәлелдемелер ұсынбады. Бірдей әрекеттер айыпталушыларға әртүрлі баптар бойынша лауазымдық өкілетін теріс пайдалану және алаяқтық ретінде сараланған», – деді судья.

Барлық жағдайларды ескере отырып, Қайрат Оразбаев пен бұрынғы қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы лауазымдық өкілетін асыра пайдалану бойынша айыпты деп танылды. Оразбаевқа үш жылға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айрылды.

Бұрынғы қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы бес жылға бостандықты шектеу жазасына тартылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұрынғы жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қызметтік жалғандық жасау бойынша алты жылға бостандықты шектеу жазасына кесілді.

Әкім аппаратының басшысы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді