Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды

27.12.2024, 10:30
485
Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте тағы бір зауыт ашылды.

Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңінің ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан.

Мегаполис басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.

Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», - деді Ғабит Сыздықбеков.

Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)