Шаруалар ескі техникадан қашан құтылады?
Жасыратыны жоқ, еліміздегі көптеген ұсақ шаруалардың иелігіндегі ауыл шаруашылығы техникалары ескі. Жаңартайын десе, қаражат мәселесіне тап келеді.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы саласында жылдық 5% -бен 120 млрд теңге сомасына жеңілдікті лизинг бағдарламасы іске қосылған.
«Бағдарлама негізінде 2024 жылдың 1 желтоқсанына аграршылар лизингке 212,9 млрд теңге сомасына 9 887 бірлік техника сатып алған. Жалпы өсім 50% құрады», - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған мәліметте.
Материал авторы