1384

2025 жыл – Жұмысшы жылы: Тоқаев Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Бұған дейін еңбек адамдарын құрметтеу, қарапайым жұмысшыларды әспеттеу жайлы аз айтылып жүрген жоқ еді.

2025 жыл – Жұмысшы жылы: Тоқаев Жарлыққа қол қойды
Aqorda

Жарлықтың мәтіні төмендегідей:

«Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта. 

Материал авторы