724

Есірткіге есі кеткендер ұсталды

ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті.

Есірткіге есі кеткендер ұсталды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

ҰҚК мәліметінше, есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды.

«Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді. Биылғы қарашада ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды», - делінген мәліметте.

Бұл қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Материал авторы