«Ақтау маңында бауырлас Әзірбайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы жағдай болды. Әзірбайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза.
Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс», – деп жазды әнші.
Естеріңізге салсақ, 25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйды бет алған ұшақ Ақтау әуежайының маңында құлап, 38 адам қайтыс болды.