Блогерлерге бірыңғай уақыт белдеуінің пайдасы туралы пост үшін ақша ұсынылған

Аиса Махамбет Редактор
27.12.2024, 14:44
753
Блогерлерге бірыңғай уақыт белдеуінің пайдасы туралы пост үшін ақша ұсынылған holanews

Белгісіз компания тапсырыс берген көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгісіз PR-агенттік қазақстандық блогерлерге бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің артықшылықтарын айту үшін ақша ұсынып отыр. Бұл туралы Hola News Telegram-арнасы жазды. 

Атын атамаған PR-агенттік өкілдері блогерлерге пост үшін ақы төлеуге уәде берген. Оларға бірыңғай уақыт белдеуі туралы жағымды пост үшін дайын мәтіндер жіберіледі екен.

Блогердің айту керек басты сөзі – бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу денсаулықты жақсартады, шаршауды азайтады және өмірді жайлы етеді.

Алайда келісілген нақты баға айтылмайды. Мұндай ұсыныстарды алған кейбір блогерлер ұсыныстан бас тартты. 

Медициналық психолог Евгений Ян TikTok аккаунтында мұндай ұсыныстар негізінен диетологтарға, жаттықтырушыларға немесе "кәсіби этика деңгейі төмен және ең сенгіш аудиторияға" арналған фельдшерлерге жасалатынын растады. 

"Бүгін бірнеше адам белгілі медиа-компаниялардың ұсыныстары туралы жазды. Ұсыныстың мәні қарапайым – ақша үшін жаңа уақыт белдеуінің пайдасы туралы ролик, сюжет немесе пост жазу керек. Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге бөлінген 56 миллионымыз осылай жұмсалған болса керек", – деді Ян.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды