«Оттегі балоны жарылған жоқ»: ұшақ апатынан аман қалған бортсерік шындықты айтып берді (ВИДЕО)
Ұшаққа үш рет соққы жасалғанын әшкереледі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 желтоқсанда Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рахимли бар жағдайды баяндап берді. Бұл туралы 1news.az Telegram-арнасы жеткізді.
Стюардессаның сөзінше, ұшаққа үш рет соққы жасалған.
"Алғашқы соққыдан кейін оттегі маскалары түсіп қалды. Біз не болып жатқанын көру үшін салонға кірдік. Сол кезде екінші соққы болып, стюарт Зүлфұғардың сол қолы жараланды. Мен оған алғашқы көмек көрсеттім. Содан кейін бір дыбысты естіп, бетперде кидік. Хокума қоңырау шалды. Біз үнемі байланыста болдық, соңғы минутқа дейін сөйлестік. Қонуға екі минут қалғанда қоңыраулар тоқтады...", – деді стюардесса.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші