«Менің үстімнен қозғалған қылмыстық іс — заңсыз»: адвокат Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Аиса Махамбет Редактор
28.12.2024, 12:21
999
«Менің үстімнен қозғалған қылмыстық іс — заңсыз»: адвокат Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалды жеке мұрағатынан

Қоқан-лоқы да, артымнан аңду да болды дейді заңгер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Салтанат Нүкенованы қорғаған адвокат Жанна Оразбақова өзіне қатысты қылмыстық істің қозғалуына байланысты пікір білдірді.

Адвокат Жанна Оразбақова Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, бұл оны қылмыстық істен шеттетудің, лицензиядан айырудың алғашқы әрекеті емес екенін атап өтті.

— Біздің Қазақстан жаңа болғанымен, бірақ жұмыс істеу әдістері сол күйі ескі. Әсіресе, бізде олигархат соншалықты нәзік, сезімтал, әрі шындықты ұнатпайды. Жұмысыңды жақсы орындаған кезде бұның көптеген адамға ұнамайтынына дайын болыңыз. Мен бұны адвокатураның бірінші күнінен бастап білдім. Сондықтан құқық қорғау органдарының көптеген өкілдеріне жеккөрінішті болдым. Бұл мені қылмыстық істен шеттетудің, лицензиядан айырудың алғашқы әрекеті емес. Қоқан-лоқы да, артымнан аңду да болды. Сол себепті осындай жағдайларға баяғыдан төтеп бере аламын. Мен ҚК мен ҚІЖК-ны және «Адвокаттық қызмет туралы» заңды жақсы білемін. Бірде-бір рет заңнан аттап өтуге жол бермедім, — деп жазды ол.

Уразбахова қылмыстық іс заңсыз қозғалғанын айтты. Себебі ол қылмыстық істің материалдарымен таныспаған.

— Мені сотқа дейінгі тергеудің құпиясын ашты деп айыптау күлкілі. Себебі жәбірленушілер Лихачев пен Беловичтің мүддесі үшін Козачков бір жылдан бері барлық ақпаратты жазып келеді, тіпті іс бойынша құжаттарды жариялайды… Біз қазір іс бойынша алға жылжи бастадық. Тергеу судьясы іс бойынша заңдылықтың бұзылуы мен ұзаққа созу дерегін мойындады, тіпті осы факт бойынша полиция департаментіне жеке қаулы шығарды. Бұл тергеушінің эгосына қатты әсер етті. Алматы қаласы полиция департаментінің маған қатысты қозғаған қылмыстық ісі заңсыз. Себебі мен қылмыстық істің материалдарын көрмедім. Олармен таныспадым. Оларды қалай жария ете аламын? , — дейді адвокат.

Сонымен қатар, Жанна Оразбақова сотқа дейінгі тергеудің құпиясын жария етпеу туралы ешқандай қолхат бермегенін алға тартты. Бұдан бөлек прокуратураға қылмыстық істі заңсыз тіркеуге қатысты шағым дайындап жатқанын айтты.

— Тергеу әлі жүріп жатыр. Ең бастысы, мен сотқа дейінгі тергеудің құпиясын жария етпеу туралы ешқандай қолхат берген жоқпын, ал бұл құжатсыз менен ешкім күдіктене алмайды. Біз қазірдің өзінде прокуратураға қылмыстық істі заңсыз тіркеуге қатысты шағым дайындап жатырмыз. Мен сіздерді хабардар етіп отырамын. Бұл іс қорғауды жүзеге асыруда адвокаттарға қалай кедергі келтіретінінің көрсеткіші деп санаймын. Ең бастысы, олар істі тергеу барысында жағымсыз адвокаттарды шеттетеді, — деп түйіндеді адвокат.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті