Зеленский Ақтаудағы трагедиялы ұшақ апатына Ресейді кінәлады

28.12.2024, 13:43
1243
Зеленский Ақтаудағы трагедиялы ұшақ апатына Ресейді кінәлады SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Әзірбайжан халқына көңіл айтқан ол 2014 жылғы ұшақ апатын еске салды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Зеленский жазбасын үш тілде – ағылшын, украин және әзірбайжан тілдерінде X желісінде жариялады.

"Azerbaijan Airlines рейсінің апатқа ұшырауына қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар шығып жатыр. Президент Әлиевке және Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Әрбір адамның өмірі құнды және ақиқатты анықтау үшін әр адамның өлімі мұқият тексеруге лайық.

Апат орнындағы айқын визуалды дәлелдер қайғылы жайтқа Ресей жауапты екенін нұсқап отырғанын көріп отырмыз. Егер Ресей MH17-мен болған жағдайдағыдай (2014 жылы Донецк облысында болған әуе апаты – ред. ескертпесі) жалған ақпарат таратуды шешсе, шындықты анықтау және жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін Мәскеуге барлық халықаралық қысымды біріктіруіміз керек", - делінген Зеленскийдің мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеген.

"Әуе апаты болған сағатта Грозный маңында жағдай күрделі еді: украин дрондарының Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымдарға террористік шабуылдарынан "Ковер" жоспары енгізілген", - деді ол.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ