«Қарызға ақша сұрады»: Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев жанкүйерлеріне үндеу жолдады

Аиса Махамбет Редактор
28.12.2024, 18:14
1413
«Қарызға ақша сұрады»: Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев жанкүйерлеріне үндеу жолдады olympic.kz

Спортшының жаңа жазбасы көпшілікті ойландырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі спортшы желідегі оқырмандарына ескерту жасады. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев жанкүйерлеріне үндеу жолдап, алаяқтардан сақ болуға шақырды. 

Белгілі спортшы желіде бейнежазба жариялап, соңғы уақытта қаптап кеткен телефон алаяқтарын, оның ішінде әлеуметтік желіге бұзып кіру арқылы жасалатын құйтұрқы әрекеттер туралы айтты. 

«Соңғы кездері елімізде ғаламторда алаяқтар қаптады. Бұл ретте өте сақ болуымыз қажет. Кеше ғана жақын досымның уатсап желісін бұзып, соның атынан таныстарына хат жазып, қарызға ақша сұраған екен. Сол үшін мұқияттылық танытып, мұндай жазбаларға жауап беруде абай болайық», - деді Жасұлан Қыдырбаев. 

Қазақстандық белгілі ауыр атлет 94 келіде өнер көрсетіп, әлем біріншілігінінен бірнеше рет жүлде алған еді. Ол 2014 жылы Алматыда өткен чемпионатта топ жарып, алтын медаль иеленді. Алайда кейін допинг дауына ілінген спортшы 2015 жылы әлем чемпионатында иеленген қола жүлдесін кері қайтарып беруге мәжбүр болды. 

Кейін спортшы ұлттық құрамадан кетіп, жеке шаруамен айналысып жүргенін айтқан болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады