«Қазақстанға сырттан қысым жасалып жатқан жоқ»: Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу барысы туралы айтты

29.12.2024, 11:38
918
«Қазақстанға сырттан қысым жасалып жатқан жоқ»: Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу барысы туралы айтты AP Photo

Еліміз тергеуге мүдделі барлық мемлекеттердің тергеуге қатысуын қамтамасыз еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары, үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу мәселесінде Қазақстанға "сырттан қысым жасалып жатыр" деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымы жазды.

Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстандық тергеу органдарына қысым көрсетіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 

"Мен мұның жалған ақпарат екенін бірден айтамын. Бұл апаттың мән-жайын анықтауға ешбір елден ешкім араласуға тырысып жатқан жоқ. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз", – деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан ұшақ апатын тергеуге мүдделі барлық елдердің тергеуге қатысуын қамтамасыз етті.

"Бұл ең алдымен үш мемлекет: Әзірбайжан, Ресей және өндіруші ел Бразилия. Олардың барлық өкілдері, барлығы 17 адам қазір жұмыс істеп жатыр. Ешкімге қандай да бір себеппен қысым жасаудың мәні жоқ. Сонымен қатар Қазақстан 1992 жылдан бері Чикаго конвенциясының мүшесі болып табылады. Оған сәйкес авиациялық зерттеулер жүргізу туралы шешімдерді тергеуді жүзеге асыратын мемлекет қабылдайды. Яғни, кімді тарту керек, кіммен жұмыс істеу керек деген секілді кез келген шешімді біз ғана қабылдай аламыз", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды