«Грозныйға анасына ұшып бара жатқан»: ұшақ апатынан қаза тапқан жасөспірімнің денесі жер қойнына тапсырылды

29.12.2024, 13:17
2123
«Грозныйға анасына ұшып бара жатқан»: ұшақ апатынан қаза тапқан жасөспірімнің денесі жер қойнына тапсырылды Report.az

13 жасар кішкентай футболшы Мұхаммедәлидің жерлеу рәсімі өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Гянджлик" клубының 13 жастағы футболшысы Мұхаммедәли Еганов Бакудегі Сурахани зиратына жерленді. Бұл туралы Әзербайжандық Report басылымы жазды.

Жасөспіріммен қоштасу рәсіміне ағайын-туысы мен қала тұрғындары жиналған.

Басылым мәліметінше, марқұмның достарының бірі Хусейн Гулиев журналистерге Мұхаммедалидің жақсы дос болғанын және спортта зор үміт күттіргенін айтқан.

"Ол жақсы дос болды. Біз бір мектепте оқыдық. Ол кетер алдында барлық досымен және мұғалімдерімен қоштасып үлгерді", - деп еске алады Хусейн.

Марқұмның нағашысы Зара Еганованың жергілікті Media.az басылымына хабарлауынша, бала жаңажылдық демалысты анасымен бірге өткізу үшін Грозныйға ұшып бара жатқан.

"Жиеніммен сөйлеспегеніме көп болды. Бірдеңе деу өте ауыр. Ол мерекені анасымен бірге қарсы алу үшін Грозныйға ұшып бара жатқан. Өте жақсы бала еді", - дейді марқұмның туысы.

Еске салсақ, Мұхаммедали қайтыс болғаннан кейін сыныптастары әлеуметтік желі арқылы оның анасына бару үшін Грозныйға ұшып кеткенін айтқан еді. Кейін баланың Бакудің Хатай ауданында тұратыны және сол жерде орта мектепте оқығаны белгілі болды.

Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады