1221

Кезек Араб Әмірлігінде: ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды

Әуе кемесі Парсы шығанағына құлаған.

Кезек Араб Әмірлігінде: ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды
ura.news

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде жеңіл моторлы ұшақ апат болып, екі адам көз жұмды.

Бұл туралы әмірліктердің Басты азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасай отырып WAM ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Деректерге сәйкес, «Әл-Жазира» авиациялық-спорттық клубына тиесілі әуе кемесі Рас-эль-Хайм жағалауының маңында – Парсы шығанағына құлаған.

Апаттан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Билік әуе кемесінің апат болу себептерін анықтап жатыр.

Материал авторы