1311

Ақтаудағы ұшақ апаты: ұшқыштарға батыр атағы берілді

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштар Игорь Кшнякинге, Александр Кальяновқа және бортсерік Хокюме Алиеваға Әзербайжанның ұлттық батыры атағы берілді.

Ақтаудағы ұшақ апаты: ұшқыштарға батыр атағы берілді
media.az

Бұл туралы Azerbaijan Airlines әуе компаниясы хабарлады.

Ал апаттан аман қалған бортсеріктер Айдан Рагимли мен Зульфугар Асадов президент Ильхам Әлиевтің өкімімен бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталды.

Естеріңізге салсақ, Ақтау маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Материал авторы