«Ашық тергелсін!»: Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының басшысы Женевадан мәлімдеме жасады

30.12.2024, 13:31
980
«Ашық тергелсін!»: Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының басшысы Женевадан мәлімдеме жасады SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Ұйым тергеуге қатысты аралық есепті 30 күн ішінде жариялауды талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Ақтаудағы ұшақ апатын мұқият, бейтарап және ашық тергеуге шақырды. Ол мұндай тергеу Чикаго Конвенциясының 13-қосымшасында көрсетілген ережелерге сәйкес жүргізілуі керегін еске салып, қайғылы оқиғадан кейін 30 күн ішінде аралық есепті жариялауды талап етті.

«Біз қаза тапқандардың отбасы мен достарына көңіл айтамыз. Қайтыс болған 38 адамға және тірі қалғандарға құрмет көрсету үшін біз бұл апаттың неліктен болғанын анықтап, оның ешқашан қайталанбауын қамтамасыз етуіміз шарт!», - деді IATA басшысы Уилли Уолш.

IATA басшысы Уолш өз үндеуін Путиннің Әзірбайжан президентінен апаттың «Ресей әуе кеңістігінде әскери операцияларға жақын жерде болғаны үшін» кешірім сұраған мәлімдемесінен кейін жасалды.

«Жолаушылар ұшағы ешқашан әскери операциялардың қасақана я кездейсоқ құрбаны болмауы керек. Егер Ресей мен Әзірбайжан үкіметтері қоса алғанда, бірнеше елдердің үкіметі атап көрсеткеніндей Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының 8243 рейсі әскери операциялардың құрбаны болуы мүмкін болса, онда мұқият, ашық және бейтарап тергеу жүргізу керек. Әлем Чикаго Конвенциясында келісілген халықаралық міндеттемелерге сәйкес 30 күн ішінде аралық есептің қажетті жариялануын асыға күтпек. Егер бұл қайғылы оқиға жауынгерлердің жауапкершілігінде болды деген қорытындыға келсек, кінәлілер заң алдында жауапқа тартылып, өз жазасын алуы керек», - деді Уилли Уолш.

Сондай-ақ биыл қазан айында да IATA қауымдастығы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мемлекеттердің өзара қақтығысы кезінде авиация мен оның маңызды инфрақұрылымын қорғауды талап етіп, нақты міндеттемелер бар екенін еске салған еді. Ал Мемлекеттік міндеттемелерге Женева Конвенциялары хаттамасының 48-бабы кіреді. Онда қақтығысқа қатысушы елдер азаматтық нысандарға соққы бермеуі керек деп жазылған. Ал Чикаго Конвенциясында соғысқа қатысушы елдер жолаушылар ұшағы мен ондағы азаматтарды қорғауға, жолаушылардың әуе кемелеріне қарсы күш қолданбауға шақырып, әрі кез келген қауіптің алдын алуға, хабарлауға міндеттейді.

Осы міндеттемелерді орындау үшін IATA әуе қауіпсіздігіне жауапты консультативтік комитеттердің жұмысын қолдауға дайын екенін еске салды.

Еске сала кетейік, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы барлық халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. Ол халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы. IATA-ның басты миссиясы авиация индустриясына қызмет көрсету, оны алға тарту әрі қызығушылықтарын қорғау, жолаушылар тасымалына тариф орнату.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды