Сенеміз бе, сенбейміз бе: Министрлік биыл азық-түлік бағасы ерекше арзандағанын алға тартып отыр
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 1,3%-ды құрап, соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен.
Орташа баға индексі төмендеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде қарақұмық жармасы (-35,0%), сәбіз (-9,2%), күріш (-8,2%), ұн (-6,6%), қант (-3,3%), қырыққабат (-0,8%) және күнбағыс майы (-0,4%) бар.
Белгілі болғандай, бағаға мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті аталған министрлікке берілгеннен бері әкімшілік шаралардың қолданылуы былтырғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артқан.
Өңірлік комиссиялардың 1,4 мыңнан астам отырысы өтіп, 1 441 заңбұзушылық анықталған.
Материал авторы