«Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы екеуміз өртеніп кете жаздадық»: Бағдат Сәмиденова жаңа жыл қарсаңында қызық оқиғасын бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
30.12.2024, 16:20
1007
«Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы екеуміз өртеніп кете жаздадық»: Бағдат Сәмиденова жаңа жыл қарсаңында қызық оқиғасын бөлісті бейнежазбадан алынған кадр

«Біресе көтеремін, біресе арқалап аламын» дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Бағдат Сәмиденова осыдан 20 жыл бұрынғы жаңа жыл кезіндегі оқиғаны ұмытпағанын Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

Өнер иесінің сөзінше сахнаға жарық беріп тұратын тогтан өрт шығып, киімі жанып кеткен. 

“Ол кезде біз Алматыда тұрамыз. Жыл сайын алаңға концерт қоюға шығамыз. Күн суық әрі аяз болатын. Қар жауып тұр. Сонда да халық көп жиналады. Мен әнімді айтып, сахнадан түстім. Бір кезде Қарақат пен Қыдырәлінің кезегі келді. Оның алдында баласы Бекболат көнбей жылап жүрген. Жасқа толмаған бөпе еді. Маған баланы ұстатты да, өздері сахнаға жүгіріп кетті. Мен әлгі баланы көндіру үшін ойнаттым, ән айттым.

Біресе көтеремін, біресе арқалап аламын. Бір кезде күйіктің иісі шыға бастады. Мән берген жоқпын. Қолымдағы балаға алаңдап тұра бердім. Сөйтсем, үлкен жарық беретін экранның жоғарыға ілінген тогы істен шыққан. Содан 10 шақты күн бұрын ұзын әдемі құндыз тон алған едім. Соның жағасы жанып жатыр. Жұрт жаңа жылды тойлап, жыл келгеніне қуанып жатса, мен мына жақта өрт сөндіріп жүрмін. Сол жерде жүрген жігіттер де көмекке келіп, бәріміз жабылып сөндірдік.

Егер жағам үлкен болмағанда шашым бәрі жанып кететін еді. Кейін құндыз тонымның жағасын алып тастап, өзгертіп алдым. Бірақ бәрібір бұрынғыдай әдемі болмай қалды. Сосын сіңліме сыйлап жібердім. Жыл келген сайын сахнаның сыртында өрт сөндіріп жүргенім есіме түсіп, күліп аламын”, – деді өнер қайраткері. 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты