«Қара жәшікті» оқуға неше күн кетеді - авиация инженері жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2024, 09:25
954
«Қара жәшікті» оқуға неше күн кетеді - авиация инженері жауап берді көрнекі фотосурет / Stock Photo

Қара жәшікті талдауға осы апатқа қатысы бар елдердің бәрінің өкілдері, ICAO өкілдері қатысады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Құрметті авиаторы, авиация инженері Ерғазы Жолдасов Ақтаудан 3 шақырым жерде құлаған Embraer ұшағының «қара жәшігін» Бразилияның CENIPA орталығына тапсыру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform жазды.

— «Қара жәшікті» оқу өте маңызды. Өйткені, апатқа байланысты көпті толғандырған барлық сұраққа нақты жауапты сол жерден ғана табуға болады. Қара жәшіктің маңызы да, ұшақтағы қызметі де сол. Оны нақты пысықтап, комиссия мүшелері бірігіп ашып, тыңдауы керек. «Қара жәшікті» ашқан кезде осы апатқа қатысы бар елдердің бәрінің өкілдері, ICAO өкілдері қатысқаны жөн. «Қара жәшік бұзылмаса, сынбаса немесе жарылмаса ақпаратын оқу көпке созылмауы керек, бір айда шешілуі мүмкін. Бірақ қара жәшіктен мәлімет алған соң бір ангарға ұшақтың бөлшектерін жинастырып, моделін қайта құрастырады. Осы жұмыс біраз уақыт алуы мүмкін. Осыдан кейін ғана қорытынды шығарады, — дейді авиация инженері.

Сондай-ақ, ол жазбаларды оқитын тарап ретінде Бразилияның таңдалуы апатқа қатысы бар елдердің ортақ шешімі деп топшылайды.

— Бұл сұраққа мен ешқандай саяси астарды қарастырмай, авиация инженері ретінде ғана жауап бере аламын. «Қара жәшікті» Бразилия орталығында қарастыруы комиссия мүшелерінің ортақ шешімге келгені болуы керек. Бұл — Қазақстан тарапынан дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені, ұшаққа сырттан болған қақтығыс нұсқасын қарастыратын болса, Бразилия — ұшақты құрастырушы мемлекет. Өзім Бразилиядағы орталықтың тәжірибелі екенін білгендіктен, әділетті зерттеу жүргізеді деп сенемін. Олар ұшақтың толығымен қалай жұмыс істегеніне объективті баға бере алады деп ойлаймын. Бұрмалап басқаша шешім шығару өздеріне кері әсерін тигізеді. Өйткені, «Қара жәшікті» оқитын институт Ресейде де бар, — дейді Ерғазы Жолдасов.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады