1045

Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейді.

Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді?
gov.kz

Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады.

5 және 6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн ХҚКО мен МХҚКО үшін демалыс.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Материал авторы