Паранджа мен никабқа тыйым салатын заң күшіне енді

01.01.2025, 19:31
5678
Паранджа мен никабқа тыйым салатын заң күшіне енді Stock Photo

Енді паранджа мен никаб киіп жүруге болмайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдан бастап Швейцария билігі қоғамдық орындарда бетті толығымен жасыратын киімдер, оның ішінде паранжа мен никабты киюге тыйым салды.

Швейцарияда көшеде паранджа немесе никабпен жүретіндерге 100-ден 1000 швейцариялық франкке дейін (57мыңнан 577 мыңға дейін) айыппұл салынады. 

Швейцария халқы 2021 жылдың наурыз айында өткен референдумда дауыс берді. Ол кезде сауалнамаға қатысушылардың 51,2%-ы тыйымды қолдады. Бұрын бұл шектеу Сент-Галлен және Тичино кантондарында аймақтық деңгейде ғана қолданылған.

"Тыйым никаб пен паранжа сияқты діни киімдерге, сондай-ақ футбол жанкүйерлері киетін балаклавқа қатысты болады. Енді оларды дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге тыйым салынады. Ал ғибадат орындарында, карнавалдарда немесе суықтан қорғану үшін киюге болады", – делінген хабарламада.

Швейцария президенті Карин Келлер-Саттердің айтуынша, бұл тыйым Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның аз ғана бөлігіне ғана әсер етеді. Елде никаб киетін 20-30-ға жуық әйел ғана дейді.

Мұндай тыйым Аустрия, Бельгия, Болгария, Дания және Нидерланды бар. Франция бірінші болып 2011 жылы бетті жасыратын киім киюге тыйым салды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады