937

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Sputnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Астанада 2 қаңтар күні қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с.

2 қаңтарда түнде Ұлытау облысында бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. 2 қаңтарда түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Семей қаласында 2 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Өскеменде 2 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда 2 қаңтарда бұрқасын соғып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Материал авторы