SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов алдағы жылы отбасы құратынын айтты.
Өткен жылға өкпе жоқ, машинаны аямай ауыстырыппын. 2024 жыл оңай жыл болмады, қайғылы, қуанышты, қиын әрі жақсы сәттермен есте қалды. Бәрі де өткеннің еншісінде қалды.
Ендігі мақсат 2025-те үйлену! Бұйырса, үйленіп, үбірлі-шүбірлі, балалы-шағалы болып бақытты отбасы болғым келеді! Жалпы арман-мақсат көп! Келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! 2025 хайырлы, берекелі жыл болғай!, - деп жазды Олжас Еспанов.
Бұған дейін Олжас Еспанов желіде қыздарға интимдік сипатта хат жазып, басы дауға қалған еді. Сол хаттары үшін оны Сүлеймен Демирел университеті қызметінен қуған.
Артынша аталған хаттар желіге тараған соң Олжас Еспанов хатта жазылған нәрсенің бәрі фотошоп деп ақталды.