АҚШ-тағы Трамп қонақүйінің алдында Tesla көлігі жарылып кетті

02.01.2025, 15:47
663
АҚШ-тағы Трамп қонақүйінің алдында Tesla көлігі жарылып кетті Reuters

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Trump International қонақүйінің жанында Tesla Cybertruck көлігі жарылып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде тараған видеодан қонақүйдің алдында тұрған көліктің бірден жарылып кеткенін көруге болады. Жергілікті билік көлік жарылысынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады.

Құқық қорғау органдары Tesla көлігіндегі жарылысты теракт деп санайды.

Трамптың жақын одақтасы және Tesla компаниясының иесі Илон Маск жарылысқа қатысты өз тергеуін бастағанын мәлімдеді.

"Біз жарылыстың жалға алынған Cybertruck көлігіндегі өте күшті отшашу немесе бомбаның әсерінен болғанына және көліктің өзіне қатысы жоқ екеніне сенімдіміз. Жарылыс кезінде көліктің барлық телеметриялық деректері дұрыс жұмыс істеп тұрған", – делінген Масктің желідегі жазбасында.

Лас-Вегас полиция департаменті жүргізуші қонақүй тұрағына кірген кезде, көлік жарылғанын мәлімдеді. Құзырлы органдардың хабарлауынша, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, жеті адам жеңіл жарақат алған.

Құқық қорғау органдары Жаңа Орлеандағы теракт пен Лас-Вегастағы жарылыс арасында байланыс болуы мүмкін екенін алға тартты. Екі жағдайда да көліктен "Ислам мемлекеті” лаңкестік ұйымының қара туы табылған, сондай-ақ екі көлікте бір қосымша арқылы жалға алынған.

Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек