Оңтүстік Корея президентінің резиденциясында әскерилер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды

03.01.2025, 10:10
711
Оңтүстік Корея президентінің резиденциясында әскерилер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Тергеушілер мен полиция қызметкерлері Юн Сок Ёлді қамауға алу үшін келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдің резиденциясында мемлекет басшысын қорғайтын әскерилер мен саясаткерді ұстауға келген тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. 

Yonhap басылымының дерегінше, 3 қаңтар күні таңертең жоғары лауазымды шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасының тергеушілері мен полиция қызметкерлері Юн Сок Ёлді қамауға алу үшін келген. 

Қамауға алу ордерін орындау үшін 30 мемлекеттік қызметкер мен 120 полиция қызметкері әкелінген. Оның 50-і резиденцияға кірген. Сонымен қатар полиция резиденцияның маңайына 2,7 мың полиция қызметкері бар 45 арнайы мақсаттағы мобильді жасақ өкілдерін орналастырды.

Оңтүстік Корея президентінің қауіпсіздік қызметі тергеушілерге тінтуге рұқсат бермей, резиденция аумағында тәртіп сақшыларына тосқауыл жасады. Юнның өкілдері оны қамауға алу әрекетінің заңсыз екенін айтып, сотқа жүгінетінін жеткізді. Юн Сок Ёлдің жақтастары резиденцияның жанына жиналып, "президентті қорғауға" және "импичменттің күшін жоюға" шақырды.

Процесс бірнеше сағатқа созылады деп жоспарланып отыр. Бұйрық 6 қаңтарға дейін жарамды.

Фото: Yonhap

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды