Офицер өз өмірін қатерге тігіп, мас жүргізушіге тосқауыл болды

03.01.2025, 13:43
764
Офицер өз өмірін қатерге тігіп, мас жүргізушіге тосқауыл болды Stock Photo

Полицейді көліктің капотында бірнеше метр алып жүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қаңтарда полицейлер көшелерді патрульдеу кезінде Toyota Highlander жүргізушісін бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өткені үшін тоқтатты. Жүргізушінің әрекетінде инспекторлар масаңдықтың белгісін байқаған. 

Полицейдің құжат көрсету туралы заңды талабын орындамай, құқық бұзушы оқиға орнынан жасырынбақшы болды.

Қауіпті жүргізушіні тоқтату және жол қозғалысының өзге қатысушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай автокөліктің алдына шығып, жолына тосқауыл болды. Бірақ, рөлдегі ер адам полицейге қарай қозғалысын жалғастырып, оны капотында бірнеше метрге дейін алып жүріп, оқиға орнынан бой тасалады.

Күдікті анықталып, ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес ол есірткілік масаң күйде болған.

Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары басталды. Ұсталған азамат қамауда.

Билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды