Біржансал ауданында бір мезетте 40-қа жуық көлік бір-біріне соқтығысты (ВИДЕО)
Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасындағы тас жолда 40-қа жуық көлік соқтығысты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Жаппай апаттың куәгерлері мен қатысушылары оқиға орнынан видео түсіріп алған. Кадрлардан тас жолда қатты боран соққанын байқауға болады.
"Сағат 13:30-да Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлер жүр", – делінген хабарламада.
Қатты боран салдарынан Астана-Щучинск тас жолы сағат 12:00-ден бастап жабылды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші