752

Ауа райына байланысты 12 учаскеде жол жабылды

ҚазАвтоЖол қай өңірлерде жол жабылғанын мәлімдеді.

Ауа райына байланысты 12 учаскеде жол жабылды
Sputnik / Абзал Калиев

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігі 12 учаскеде жол жабылатынын мәлім етті.

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар, боран, жел, нашар көріну, көктайғақ) республикалық 9 учаскеде және облыстық маңызы бар 12 учаскеде (Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау) қозғалыс жабық.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Материал авторы