Тас жолдағы апаттан зақым келген көліктер саны 95-ке жетті

03.01.2025, 16:05
874
Тас жолдағы апаттан зақым келген көліктер саны 95-ке жетті бейнежазбадан алынған кадр

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай көлік апатында 95-ке жуық автокөлік зардап шекті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жедел ақпаратында айтылды.

2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 07:20–да республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының учаскесінде (18–232 шақырымдары) ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.

— Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» арнайы техникасының сүйемелдеуімен Щучинск бағытына қозғалыс ұйымдастырылды. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан сағат 13:28–де трассаның 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды, — деп жазды Қазавтожол. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеуде. Бір жолақ тазартылып, жарамды автокөліктер қозғалысын бастады.

Оқиға орнында 22 көпфункционалды жол машинасы және 2 трактор жұмылдырылған. Қазіргі уақытта осы жол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс қайтадан шектелді. Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады